Таразда «JAMBYL» арнасының жаңа маусымының тұсаукесері өтуде

232

Таразда «JAMBYL»  арнасының  жаңа маусымының тұсаукесері өтуде. Жиынға облыс әкімдігі ішкі саясат басқармасының басшысы Берік Уәли, «QAZAQSTAN» РТРК АҚ өндірістік орталығының директоры Меруерт Құмарова және өңірімізге белгілі журналистер мен қоғам белсенділері қатысуда.

Жиынның алғашқы құттықтау сөзін алған Меруерт Құмарова аймақтық арнаның өңір өміріндегі рөлі туралы сөз қозғап, 30 жылдық мерейтойымен және жаңа маусымның ашылуымен құттықтады. Ал, облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Берік Уәли телеарнаның қоғам үшін маңызы туралы айтып, «JAMBYL»  арнасының Әулиеата жеріндегі жақсы жаңалықтардың жаршысы екеніне тоқталды.

Сонан соң, «QAZAQSTAN» республикалық телерадио корпорациясына қарасты телеарналардың жаңа маусымындағы өнімдері мен корпорацияның төл туындылары таныстырылды.

«JAMBYL»  арнасы бүгінгі таңда өзіне тиесілі функцияларын толығымен орындап, өңірде электронды БАҚ-тың көшін бастап келеді.  Аймақтық арна қазір тәулігіне 17 сағат хабар таратады. Оның 60 пайыздайы телеарнаның төл өнімі.

Жаңа маусымның тұсаукесерінде сөз алған телеарна директоры Жасұлан Әбдіхалық «JAMBYL»-дың бігінгі күнгі аяқ алысына кеңінен тоқталып өтті.

–     Қазір болған жаңалық   6 сағатта   6 құрлыққа тарайтын    заманда телеарнаның ықпалы мен рөлі де  күн санап күшейе түсуі заңдылық.  Әлемдік даму  көшіне керуен қосқан отандық ақпарат айдынында аймақтық арналардың өзіндік орыны бар. Себебі, Республикалық  телеарналардың  өңірлер тынысын,  аудан-ауылдардағы ахуалды, ел ішіндегі күнделікті  оқиғаларды толық қамти алмайтыны  белгілі.

Бүгінде біздің филиалда жүзге жуық қызметкер жұмыс істейді. Оның 20 пайыздайы ғана журналист. Айтпағым,  эфирдің арғы жағында көзге көрінбейтін қаншама адамның жұмысы бар. Ол — режиссер, оператор, дыбыс қадағалаушы,  жарық қоюшы, көлік жүргізуші және өзге де мамандар, – деген Ж. Әбдіхалық телеарна тіршілігінде әр маманның еңбегі елеулі екенін айтып өтті.

"JAMBYL" арнасы 1958 жылы негізі қаланып, содан бері халықтың қамын күйттеп, көкейіндегісін көрсетіп, ойындағысын орынды жеткізіп келе жатыр.#jambyl_aqparat#jambyltv #taraztv#taraz#жаңа_маусым

Опубликовано Қазақстан — Тараз Вторник, 18 сентября 2018 г.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.