Таразда алкоголь өнімдерін заңсыз сатумен айналысқан азаматтар ұсталды | arainews.kz

Таразда алкоголь өнімдерін заңсыз сатумен айналысқан азаматтар ұсталды

194

Тараз қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы өз ісін жергілікті салық органдарына тіркеусіз жүргізіп отырған кәсіпкерлерге қатысты бір айлық рейд жұмыстарын жүргізді.

Шара барысында салықтан жалтарған 40-тан астам нысан мен лицензиялық алымдары жоқ 100-ге жуық алкоголь өнімін сатумен айналысқан азаматтар анықталды. Оларға кәсіптерін заңдастыру жөнінде хат жолданды. Сондай-ақ тексеру кезінде тіркеуде жоқ 209 ойын компьютерінің, 66 бильярд үстелі және 6 букмекерлік кеңсенің рұқсатсыз жұмыс істеп келгені белгілі болды. Қазір бұл іс бақылауға алынып, жеке кәсіпкер ретінде тіркеуге тұру қажеттілігі түсіндірілді. Бұдан өзге салық заңдылығын бұзған 3 жағдай бойынша әкімшілік іс қозғалып, сот органдарына тапсырылды.

Гүлнәр Жігітекова, қала бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары:

— Басқарманың келесі ауқымды іс-шарасы лицензиялық алымдарды алмаған алкоголь және құйылмалы сыра сатумен айналысатын азаматтарға бағытталған болатын. Жыл басынан бері 25 салықтық тексеру өткізіліп, барлық істер сотқа жолданған. Сот үкімімен 18 мың литр алкоголь өнімдері тәркіленді.

24.kz 

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.