Таразда 5 жоба бойынша инженерлік-инфрақұрылым жүйелері жаңартылуда | arainews.kz

Таразда 5 жоба бойынша инженерлік-инфрақұрылым жүйелері жаңартылуда

211

Облысымызда жол жөндеу және инжинерлік ифрақұрылымдарды жаңартуға баса назар аударылып отыр. Жалпы 600 шақырым жергілікті автожолдар мен көшелерді жөндеуден өтеді деп күтілуде. Атап айтқанда, 16,2 шақырым жаңа жол салынып, 6,2 шақырымы қайта жаңғыртылып, 30 шақырымы күрделі және 550 шақырымы орта жөндеуден өтеді. Оған республикалық бюджеттен – 8 миллиард, жергілікті бюджеттен 6,8 миллиард теңге бөлінді. Нәтижесінде «қанағаттанарлық жергілікті автожолдардың үлесі» 85 пайызға жетеді.

Мұндай ауқымды жұмыстар Тараз қаласында да жүруде. Қала аумағында  инженерлік-инфрақұрылым жүйелерін қайта жаңғырту, жөндеу жұмыстары аясында 5 ірі жобаның құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде.

Қазіргі таңда жер қазу жұмыстарына рұқсат беру көрсетілмеуіне байланысты коммуналдық қызмет көрсетуші  ұйымдар жергілікті атқарушы органдардың  келісімінсіз қазба жұмыстарын  жүргізуде, заңды және жеке тұлғалар инженерлік-коммуникациялық желілеріне қосылуда. Абай даңғылы мен Суханбаев көшесінің қиылысындағы асфальт жабынын қазғаны үшін М2 жылу магистральін ауыстыру жұмыстарын жүргізіп жатқан мердігер «Корпорация Жилстрой-Тараз» ЖШС-не «ҚР Жол жүрісі қауіпсіздігі туралы Заңының»130 бабының 1 тармағына сәйкес, 21 000 теңге айыппұл салынды.

Төле би даңғылы мен Сыпатай батыр көшесінің қиылысындағы асфальт жабының қазғаны үшін «Даму» ЖШС-не «ҚР Жол жүрісі қауіпсіздігі туралы Заңының»130 бабының 1 тармағына сәйкес, 50 500 теңге айыппұл салынды.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.