Тараз қаласының алғашқы әкімі 75 жасқа толды | arainews.kz

Тараз қаласының алғашқы әкімі 75 жасқа толды

112

Бүгін қала әкімі Бақытжан Орынбеков Тараз қаласының алғашқы әкімі Алдияр-Әли Түсіповті 75 жасқа толуымен құттықтады.

Шаһардың өркендеуіне зор үлес қосқан Алдияр-Әли Асқарұлына құрмет көрсетті.

“Аймақ экономикасының дамуы мен халықтың әл-ауқатын көтеру жолында мемлекеттік қызметте аянбай  қызмет еттіңіз. Сіздің тәжірибеңіз, ақыл-кеңесіңіз қазіргі жастар үшін аса қымбат”,- деді қала басшысы.

Өз кезегінде облыс орталығын көркейтуге зор үлес қосқан Алдияр Түсіпов қала басшылығына ризашылығын білдіріп, алғыс айтты.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.