Тараз қаласының әкімі Қ. Досаев баспасөз конференциясын өткізді | arainews.kz

Тараз қаласының әкімі Қ. Досаев баспасөз конференциясын өткізді

296

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Тараз қаласының әкімі Қайрат Досаевтың қатысуымен баспасөз конференциясы өтті. Жиында шаһар басшысы облыс орталығының әлеуметтік-экономикалық дамуы және қоғамдық-саяси жағдайы туралы баяндап, журналистер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді, – деп хабарлайды «Arainews» ақпарат агенттігі.

Қайрат Әскербекұлының айтуы бойынша, үстіміздегі жылдың алғашқы жартысында қала бюджеті трансферттерімен қоса 34,1 млрд.117,3 теңгені құрап, 99,8 пайызға игерілген. Сондай-ақ, мемлекеттік бюджетке 21 млрд. 967,7 теңгеге салықтар мен басқада міндетті төлемдер түсіп, жоспар 115 пайызға орындалған.

– Өздеріңізге белгілі құрылыс инженерлік желілерден басталады. «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі» бағдарламасы аясында «Барысхан» және «Бурыл А,Б,В» тұрғын алқаптарында сервистік су желілері жүргізілді.

«Барысхан» алқабын электрмен қамтамасыз ету, Ы.Дүкенұлы көшесіндегі екі су жүйесі мен 4-ші Тараз энерго орталығынан басталатын М-2-ші және М-4-ші жылу магистральдарінің қайта жаңғырту жұмыстары жалғастырылуда, – деді Қ. Досаев.

Баяндамасы барысында облыс орталығының әкімі білім нысандарының құрылысы, қ, аланы көркейту жұмыстары, коммуналдық жүйелердің ахуалы мен тұрғындарды баспанамен және жер телімдерімен қамтамасыз ету мәселелері жайлы сөз қазғады.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.