Көне шаһарды көркейту жұмыстары жалғасуда | arainews.kz

Көне шаһарды көркейту жұмыстары жалғасуда

205

Бүгінгі таңда облыс орталығы Тараз қаласында шаһардың сәулеттік келбетін көркейту мақсатында ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Осы мақсатта «Шахристан» тарихи кешенінде бірқатар нысандардың құрылысы жүргізілуде, – деп хабарлайды «Arainews» ақпарат агенттігі.

Атап айтқанда, аталмыш кешенде өлкетану мұражайының,  «Ретро-фестиваль» амфитеатрының, көрме павильонының, көркем сурет галереясының, қол-өнер шеберханалар орталығының, «Руханият» орталығының құрылыстары жүргізілуде. Осы аумақта жолаушыларды тасымалдайтын 26 бағыттағы қоғамдық көліктердің өтетінін ескере отырып, аталған «Арбат» аймағын айналып өту үшін Байзақ батыр көшесін Төле би даңғылынан Ташкент көшесіне дейін кеңейту, Ғ. Байтасов көшесін Төле би даңғылынан Көшеней көшесіне дейін орташа жөндеу жұмыстары мен Көшеней көшесінен Аққозиев көшесіне шығатын жолдың құрылысы жоспарлануда.

Сонымен қатар, Төле би даңғылының бойымен Сыпатай батыр көшесінен бастап «Қарахан» кесенесіне дейін сквер, жаяу жүргіншілер аймағы мен аллеясы салынады. «Тараз-Арена» спорт кешенінің маңындағы «Даңқты спортшылар» аллеясы бой көтерсе, «Мамыр» саябағын абаттандырылып, «Көне Тараз» кешенінің маңында биіктігі 40 метрден тұратын «Сағат» стелласы орнатылады.

Ал, жаңа 15-ші мөлтек ауданында 40 гектар құрайтын мәдени-әкімшілік орталығын абаттандыру мен Оқушылар сарайы, жеңіл атлетика манежі және гимнастикалық спорт кешенінің құрылыстары бюджет есебінен, ал Неке қию сарайы мен Салтанат сарайының құрылыстары жеке инвесторлар есебінен  басталуы жоспарлануда.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.