Тараз қаласында 138 көше жөнделіп жатыр

Тараз қаласының аумағында бірқатар жолдар мен көше бұрылыстарында, тұйықтарда жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

Бүгінде Тараз қаласындағы жалпы ұзындығы 78, 022 шақырым болатын жол, яғни 138 көше және бұрылыстар мен тұйықтарда жөндеу жұмыстары қолға алынған. Мұндағы 85 учаскеде асфальттау жұмыстары жүргізілсе, 20 көше мен 3 бұрылысқа асфальт жабындысы төселуде. Қазір бұл жұмыстар өз мәресіне жетіп қалды. Сонымен қатар облыс орталығындағы 46 көше мен 14 бұрылыс, 2 тұйыққа асфальт жабындысын төсеуге дайындық жұмыстарына да қан жүгірді. Сондай-ақ осы жұмыстар шеңберінде қаладағы барлығы 1 330 көшеде жаяу жүргіншілерге арналған жол салу мәселесі де күн тәртібіне қойылып отыр.

Қала ішіндегі жолдарды жөндеу жұмыстары шаһардың «Тайвань» алқабында қарқын алған. Мұнда ұзындығы 27,7 шақырым болатын 18 көшеге тас төселіп, жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бүгінде аталған алқаптағы 14 көшеге тас жол төселді. Тараз қаласындағы көшелерді жөндеу жұмыстарына жалпы сомасы 481 миллион 564 мың қаржы қарастырылып отыр.

Жалпы өңірдегі соңғы жылдары тұрғындар үшін қажетті инфрақұрылымдар жүргізу ісінде ілкімділік байқалады. Әсіресе көшелерді жөндеу ісі қарқынды жүргізілді. Бұған дейін басты назарда орталық даңғылдар болса ендігі кезекте шағын аудандар мен қала сыртындағы тұрғын алқаптарындағы жол азабын тартқан ағайынның жай-күйіне басымдық берілуде.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.