Танымдық мағынасы бар бейнефильмдер көрсетілді | arainews.kz

Танымдық мағынасы бар бейнефильмдер көрсетілді

42

ҚР ІІМ ҚАЖК «25 мекемесінде» жазасын өтеп жатқан сотталған азаматтарға ислами танымдық мағынасы бар бейнефильмдер көрсетілді.

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты РММ 25 мекемесінің Сотталғандар арасында тәрбие және әлеуметтік психологиялық жұмысы бөлімінің теологиялық оңалту жұмыстарын ұйымдастыру тобының инспекторлары әділет капитаны Ж.Жақсыбекұлы және әділет аға лейтенанты Ғ.Қалмаханбетовтың ұйымдастыруымен РММ 25 мекемесінде жазасын өтеп отырған сотталған азаматтарға дін саласындағы заң бұзушылықтардың салдарын түсіндіру және дәстүрлі емес діни ағымдардың алдын алу мақсатында Дін істері басқармасының оң қорытындысын алған «дәстүрлі емес діни ағымдарды ұстанушылар» атты діни деректі фильм көрсетіліп, оның мән — мағынасы түсіндірілді. Түзеу мекемелеріне келіп, түсіндірме жұмыстарын жүргізіп жүрген дін өкілдерінің айтуынша түзеу мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталған азаматтардың адасып, жат ағымның жетегінде кетпеуі үшін діни көркем фильмдердің ықпалы зор. Бұл жиынның басты мақсаты мекеме аумағанда сотталған азаматтар арасында діни радикализмге қарсы иммунитет қалыстастыру.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.