Талас ауданының жаңа әкімі тағайындалды | arainews.kz

Талас ауданының жаңа әкімі тағайындалды

87
Талас ауданының әкімі болып Жүнісбеков Нұрбол Әбдімәжитұлы тағайындалды.
Ол бұған дейін облыс әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы қызметін атқарған болатын.
 

Жүнісбеков Нұрбол Әбдімажитұлы 1981 жылы туылған, қазақ, білімі жоғары.

2003 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «мұнай және газ кеніштерін игеру және пайдалану» мамандығы бойынша, 2007 жылы А.Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетін «қаржы» мамандығы бойынша, 2011 жылы Жамбыл гуманитарлық техникалық университетін «дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша бітірген.

       Еңбек жолын 2003-2004 жылдары Жамбыл облыстық олимпиада жеткіншектерін даярлайтын мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі жаттықтырушы болып бастаған.

2005 жылдың қаңтар-тамыз айлары аралығында «Дзю-до Федерациясы» қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облыстық  филиалында жаттықтырушы;

2005 жылдың қыркүйек-желтоқсан айлары аралығында Жамбыл облыстық  мамандандырылған спорттағы дарынды балаларға арналған мектеп интернатында жаттықтырушы;

2006-2007 жылдары «Сұңқар 2002» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде қамтамасыздандыру бөлімінің  инженері;

2007 жылдың ақпан-шілде айлары аралығында Атырау қаласының «КМТ-Жайық» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде құрылыс маманы;

2007-2008 жылдары Астана қаласының «Қазақтеміртранс» акционерлік қоғамы президентінің көмекшісі;

2008-2010 жылдары Алматы қаласының «ЧД cz» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі директорының орынбасары;

2010-2011 жылдары Алматы қаласының «ЧД cz» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры;

2011 жылдың ақпан-шілде айлары аралығында «Сенім корпорациясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде шебер;

2011 жылдың шілде-желтоқсан айлары аралығында Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы №4 велосипед және су спорты түрлерінің облыстық олимпиада жеткіншектерін даярлайтын мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі директорының орынбасары;

2011-2012 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы Жоғарғы спорт шеберлігі мектебі директорының міндетін атқарушысы;

2012-2014 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің  туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасы №7 облыстық күрес түрлерінен олимпиада жеткіншектерін даярлайтын мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің директоры;

2014-2017 жылдары Жамбыл облысы әкімдігінің  дене шынықтыру және спорт басқармасы «Жекпе-жек» кәсіпқой  спорт клубының директоры лауазымдарын атқарған.

         2017 жылдың қыркүйек айынан бүгінгі күнге дейін Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысы лауазымын атқарып келеді.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.