Т.Рысқұлов ауданында Отан қорғаушылар күні аталып өтті | arainews.kz

Т.Рысқұлов ауданында Отан қорғаушылар күні аталып өтті

95

    Мемлекетіміздің айбынды мерекесі Қазақстан Қарулы күштерінің құрылуына 30 жыл толуына орай мереке қарсаңында Т.Рысқұлов ауданындаорай мерекелік шара ұйымдастырылды.

Әрбір Тәуелсіз мемлекеттің ең басты мақсаты – ел тыныштығын қорғау, мемлекет тұтастығын сақтау болып табылады. Биыл еліміздің айбыны, мақтанышы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылғанына биыл — 30 жыл толып отыр. Осы отыз жылдың ішінде еліміздің қарулы күштері барлық жағынан күшейіп, біліктілігі нығайып, алынбас қамалға айналып үлгерді.

Осы орайда аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің және Құлан агротехникалық жоғары колледжінің ұйымдастыруымен өткен салтанатты шарадаколледж студенттері Луговой әскери гарнизонының әскери материалдық-техникалық базасымен танысты. Шараның басты мақсаты – жастарды Ұлы Отанды сүюге, ерлік  көрсеткен  батырлардың  бойындағы ержүректілік, отан  сүйгіштік, ұлтжандылық қасиеттерін  дәріптеу. Отанын , елін  қорғай  білуге  тәрбиелеу болып табылады.

Салтанатты шарада қызметте алдыңғы қатардандан көрінген сала қызметкерлері марапатталды.Шарада аудандық әскери Қорғаныс бөлімінің және Луговой әскери гарнизонының қызметкерлерінаудан әкімі Ерболат Садырқұлов құттықтап,  құттықтап, салтанатты түрде алғыс хат табыс етіп, еліміздегі бейбітшілікті сақтауға үлес қосып жүрген жандарға жылы лебізін арнады.

Бағдарлама соңы аудан өнерпаздардың концертіне ұласты.

Мөлдір Тастанбек

Т.Рысқұлов ауданы әкімінің баспасөз хатшысы

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.