Т.Рысқұлов ауданында 1000 түп көшет отырғызылды | arainews.kz

Т.Рысқұлов ауданында 1000 түп көшет отырғызылды

73

Жыл сайын Наурыз мерекесін көгалдандыру мен тазартудан бастауды дәстүрге айналдырған Т.Рысқұлов ауданында 1000-нан ағаш көшеттері отырғызылды.

”Бірге Таза Қазақстан” жалпыхалықтық акциясы аясында аудан әкімі Ернар Есіркепов ауыл ақсақалдары мен зиялы қауым өкілдерімен бірге “Жеңіс саябағы” аумағында декоративті шырша көшеттерін отырғызды.

Жалпы 500-ден аса адам қатысқан тазалық шарасына ауданның ерікті жастары да шет қалмай, аудан аумағын күл-қоқыстан тазартуға белсене қатысты.

Акция аясында көктемгі көріктендіру, көгеріштендіру және санитарлық тазалық жұмыстары жүргізіліп, 13000 шақырым арықтар мен каналдар, 64 шақырым көше жолдары тазаланып, 14 тонна қоқыс шығарылды.

Сонымен қатар, аудан көлемінде Наурыз мейрамына арналған мерекелік шаралар жалғасуда. Білім ошақтары мен мекемелерде “Бауырсақ пати” акциялары, ұлттық нақыштағы сәндік-қолданбалы көрмелер, ұлттық ойындардан түрлі жарыстар ұйымдастырылып,
өнерпаздар мен өнерсүйер жастар ән шырқап, күй тартып, аудан тұрғындарына мерекелік көңіл-күй сыйлауда.

Мөлдір Тастанбек, 
Т.Рысқұлов ауданы әкімінің баспасөз хатшысы

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.