Түзеу мекемесіне телефон алып өтпекші болған | arainews.kz

Түзеу мекемесіне телефон алып өтпекші болған

86

Түзеу мекемелерінің қатаң тәртібіне кереғар, заңға томпақ әрекеттер азаяр емес. Жуырда Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне бағынысты №25 мекемесіне тыйым салынған зат алып өтпекші болған азаматшаның ісі әшкереленді.

Оқиға 16 ақпан күні түскі сағат 13:50 шамасында болған. Бұл жолы амалын асырмақ болып айлаға барған Р.С. есімді азаматша қол сөмкесінде «Nokia» маркалы телефон және 1 дана SIM-карта алып өтпекші болған. Аталған заттар мекеме тексеру тобының қызметкерлері жазасын өтеушімен кездесуге келген азаматшаның жеке заттарын жіті тінтуі кезінде табылған.

Тексеру барысында азаматшаның 1964 жылы дүниеге келген Қордай ауданының тұрғыны екені анықталды. Ол түзеу мекемесінің аумағына тыйым салынған заттарды алып өткені үшін жауапкешілікке тартылатыны жайлы тексеру жүргізердің алдында жазбаша түрде ескертілген. Сол себепті ұзақ мерзімді кездесу тоқтатылып, өткізілген болып есептелді.

Аталған оқиғаға қатысты материалдар заңбұзушылыққа жол берген тұлғаларды әкімшілік жауапкершілікке тарту үшін сотқа жолданады.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.