Психологиялық көмектің пайдасы көп | arainews.kz

Психологиялық көмектің пайдасы көп

98

Түзеу мекемесінде психологтың рөлі аса маңызды. Қоғамнан алшақтау – жазасын өтеуші үшін өте ауыр психологиялық стресс. Сондықтан психологтардың көмегенсіз сотталғандарды тәрбиелеу мүмкін емес.

Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №25 мекемесінде психолог мамандар сотталғандармен тұрақты түрде жұмыс істейді. Оның аясында тренингтік  сабақтар, топтық және жеке психокоррекциялық жұмыстар, жеке психологиялық кеңес беру, психопрофилактикалық іс-шаралар өткізіліп отырады.

Соның бірі күні кеше мекеме психологы Шырай Ерназарованың ұйымдастыруымен өткізілді. Онда есепте тұрған сотталғандармен маусымдық психикалық өршудің алдын алу жөнінде әңгіме өрбіді. Жиында мекеме маманы аталған тақырыпта дәріс оқып, жазасын өтеушілерді тестілеуден өткізді. Сонымен қатар олардың психикалық жағдайын жақсартуға арналған түрлі жаттығулар жүргізді.

– Психолог мамандармен сөйлесіп, тренинг жаттығуларына қатысудың жазасын өтеп жатқандар үшін көп пайдасы бар. Мамандармен сөйлесіп, тілдесіп, өз ойын ашық айту олардың болашаққа деген көзқарасын өзгертеді. Өмірге деген құлшынысы артып, отбасына тезірек оралу туралы үміт алға жетелейді. Психологтың қабылдауына жазылған азаматтар өздерін толғандырып жүрген сұрақтарына мамандардан толыққанды жауап алып, жан-дүниесінің тынышталуына жол ашылады, – дейді Ш. Ерназарова.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.