Түзеу мекемесіне түйіншек лақтырған тараздық тұтқындалды | arainews.kz

Түзеу мекемесіне түйіншек лақтырған тараздық тұтқындалды

75

Жамбыл облысында түзеу мекемесіне тыйым салынған заттарды жеткізбекші болғандардың қатары сиремей тұр. Кеше облыс бойынша ҚАЖ департаменті ЖД-158/2 мекемесінде дәл осындай факт тіркелді. Оқиға 20 шілде күні сағат 12:00 шамасында орын алған. ЖД-158/2 мекемесінің режим және жедел бөлімінің қызметкерлері алдын ала ақпарат бойынша мекеменің сыртқы аумағынан тыйым салынған зат лақтырту мақсатымен келген А. есімді азаматты қолға түсірді. Аталған заңбұзушылықты анықтауға қатардағы жауынгер Дидар Жексенбай аса қырағылық танытып, үлесін қосқан.

Осыған орай, мекеменің лақтыру фактісі орын алған аумаққа қызметкерлер жөнелтіліп, нәтижесінде түйіншек табылған. Тексеру барысында түйіншектен 2 телефон және 1 қаптама насыбай шықты.

Оқиғаға байланысты деректер сотқа жолданды.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.