Түзеу мекемесінде футбол турнирі өтті | arainews.kz

Түзеу мекемесінде футбол турнирі өтті

22

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаменті ЖД-158/2 мекемесінде жаза мерзімін өтеуші азаматтар арасында футбол турнирі өтті.

Саламатты өмір салтын насихаттау мақсатында ұйымдастырылған спорттық жарысқа мекеме жасақтарынан командалар қатысып, жарыс көркін қыздырды. Спорттық шара барысында сотталғандар аяқдоп аламанында өзара мықтыны анықтады. Сайыс қорытындысы бойынша сайыс жеңімпаздарын марапаттады. Атап айтқанда, І орынға қарсылас шақ келтірмеген 3-жасақ табан тіресе, ІІ орынға үздік ойын өрнегін көрсеткен 5-жасақ орнықты. ІІІ орынды 7-жасақ иеленді. Жүлдегерлерге мекеме басшылығы атынан алғыс жарияланды.

Бас бостандығынан айырылған жаза мерзімін өтеуші азаматтарды жазасын өтей отыра түзелу жолына салу – бүгінгі күннің басты талабы. Оның ішінде, қылмыс жасаған адамдарды түзелу жолына салу біраз күш-жігерді қажет ететін жауапты әрі қиын жұмыс. Жаза мерзімін өтеуші азаматтардың дене тәрбиесімен айналысуы, ой-өрісін психологиялық тәрбиелеумен қатар жүргізілетін әдістердің бірі. Себебі, еңбекпен тәрбиелеу секілді спортпен тәрбиелеуді қатар алып жүрудің де маңызы жоғары.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.