Сыпатайлық шаруалар 9 мың тонна қызылша жинады | arainews.kz

Сыпатайлық шаруалар 9 мың тонна қызылша жинады

173

Бүгінгі күні жұмысы қатты, өнімі тәтті балтамыр – қант қызылшасы еліміз бойынша өзекті ауылшаруашылығы саласы болып тұр. Кейбір мәліметтерге жүгінсек еліміз қантқа деген сұраныстың он-ақ пайызын өндіріп, қалғанын шетелдерден импорттайды екен. Көп жылдан бері осы тәтті түбір өсірумен айналысатын «Сыпатай батыр» серіктестігі 100 гектар алқаптан рекордты 9000 тонна өнім жинап, айды аспанға шығарып, бөріктерін аспанға атып, көңілдері қош, мәртебелері биік болып тұр.

Біз де өз кезегінде қызылша қазығы аяқталып қалған, осы серіктестіктің Мықанды жолының бойындағы сексен гектар қызылша алқабына келіп, жиын-теріннің аяқталып, қалғанының куәсі болдық.

Күніне 8-10 гектар қызылшаны қазып, он тонна бункер-қорабы бар немістің «Франк-Клейн» қызылша қазатын комбайнының алымды-шалымды «шабысына» қарап ризалығымызды жасыра алмадық. Серіктестік директоры Қанат Шайхиевтің айтуынша бір гектар жерде 105 мың түп қызылша болуы ғылыми дәлелденсе, бұл жерде Францияның «Фларимен, Донря» компаниясының «Тиссерин» тұқымды 117 мың қызылшасы бар екен. Оны аудан әкімінің орынбасары Бақытхан Абжапаров пен аудан әкімдігінің ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы Садық Бұтабаевтың көзінше, серіктестіктің бас агрономы Хайруддин Бадалов 22 метр жердегі 124 қызылшаны санап шығарып берді.

Шынын айтқанда біз болған қызылша алқабында жапырақ тазалағыш агрегаттан соң бір қылпығы жоқ қызылша қатарында бірде-бір бос орын қалмаған. Тәтті түбір қатардағы әскерилер сияқты көз қуантып тізіліп тұр. Бір адам таңқаларлығы аталған Франция компаниясының бір өкілі, Оңтүстік Кореядан және Қырғызстандағы өкілдері жиналып, жылына өз өнім тұқымдарын жарналамайды екен. Жұмысы өте ауыр техникалық дақылды өсіру технологияларын түсіндіріп, өздері қадағалап, қажет кезінде қолма-қол көмектесіп, істің басы-қасында болуды жоспарлы жұмысқа айналдырған. Ақы-пұлсыз, шақырусыз келетін мамандар тек өз қызылша тұқымдарын жарнамалауға, әлемге таратуға, артықшылығын дәлелдеуге келіп, ерінбей еңбек етеді. Неткен өз тауарларына деген құрмет десеңізші?!

Аталған «Тиссерин» тұқымын алдын-ала сапалы дайындалған жерге екі сантиметр тереңдікке ғана, мүмкін болғанынша ерте, наурыз айларында орналастыру керек. Француздық тұқымның тағы бір артықшылығы арнайы дрожж сияқты оболочка- қабыршық қаптамадағы тұқым, өскін төрт жапырақ болып өскенше жететін құнармен, құрт-құмырысқадан, аурудан қорғайды екен.

– Бұған дейін,-дейді Қанат Шайхиев, — алып жүрген тұқымымыз бірінші, екінші кезеңдегі тұқымдар, ал мына «Тиссерин» үшінші поколение, үшінші кезеңнің жетістіктері екен. Бұлар гектарына 1500 центнерге дейін өнім беруге мүмкіндігі бар сорттар.

Қатар аралығы 45 сантиметр бір гектар алқапта екі-үш күнде қазық аяқталады. Дайын өнімді 13 тіркемесі бар «КамАздар» тасымалдауда. Серіктестік тасымалданған қант қызылшасының бір келісіне бір теңгеден, яғни, 25 тоннаны қант зауытына жеткізген жүргізуші 25 000 теңге алады.

Тағы да таңқаларлығы қант қызылшасында арамшөп жоқ. Оның сырын сұрағанымызда серіктестік директоры ол гербицидті дұрыс қолданудың нәтижесі екенін баса айтты.

Өзі химик-технолог инженер екендігіне байланысты ма, гербицидті қалай қолдану керек екенін, қызылшаны себер кезде, «Стомп», одан соң 10 күннен кейін «Пирамин Турбо», «Франтиер оптим» сияқты, қызылша алты жапыраққа жеткенде «Бицепс» сияқты гербицидтерді себу, пайдалану өте тиімді, кетпенмен арамшөп шапқызғаннан бірнеше есе пайдалы екенін қызыға әңгімеледі.

Өз ісінің майталман маманы, қызылшада «цветуха» деген жабайы қызылша да қатар өссе керек. Ол әр 20-30 метр жерде биіктеп, гүлдеп, тұқым шашады екен. Егер оны дер кезінде жұлып тастамаса, келер жылы бір түптен ондаған мың жабайы қызылшаның тұқымы өсіп шығу қаупі бар. Бұл келер жылғы өнім үшін атқарылатын шаралардың бір парасы.

Айтып отырған 180 гектар қызылша алқабын Сабыржан Арсланов бастаған Ергеш, Тимур Арслановтар, Артем, Руслан Аслановтар және Бақтияр Битенов, Мұрат Маденов сияқты жаңбырлатқыш агрегаттары операторлары 5-7 реттен қандыра суарып, өнім негізін қалапты.

Тағы бір ден қоятын нәрсе, диқандардың жыл сайынғы Сабан тойы. Ол жиын-терін қорытындысын шығару, қол жеткен табысты мерекелеу болып табылады. Өткен сегіз жылда еңбек озаттарына 45-тен аса автокөлік сыйға берілсе, ақшалай миллиондап та жүлдеге жеткендер жетіп артылады екен. Серіктестікте істейтін 60-жуық адам 100 мыңнан жалақы алады. Сонымен қатар астық, қызылша комбайндарының жүргізушісі, білікті бесаспап механизатор Асқар Тлеубаев осы мерзімде төрт автокөлік, миллиондаған теңге сыйақы да алыпты. Еңбегінің арқасында мемлекеттік орденді өңіріне де тағыпты.

Жалпы биыл Меркі ауданында 2000 гектар қызылша егілсе, соның 200 гектар дайын «Сыпатай батыр» серіктестігі егіп, еңбектің ерен үлгісін көрсетіп, жоғары жетістікке жетіп, күн ашық, ауа райы келісіп тұрған мерзімде аяқтап, келер жылдың мол өнімінің негізін қалауда.

«Құлша еңбек еткен, патшадай ғұмыр кешеді» деген қанатты сөз осы сыпатайлықтарға жарасады.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.