Сотталғандарды жұмыспен қамту жүйелі жалғасын табуда | arainews.kz

Сотталғандарды жұмыспен қамту жүйелі жалғасын табуда

149

Түзеу мекемелерінде жазасын өтеуші тұлғалардың азаюы – мемлекеттегі әлеуметтік-саяси жағдайдың оң өзгерістері мен қылмыстың төмендеуіне, азаматтардың заңды сақтауына байланысты. Бұл тұрғыда сотталғандардың жұмыспен қамтылуы өте маңызды. Сотталғандарды жұмыспен толық қамтамасыз ету үшін өңірімізде жеке кәсіпкерлермен бірнеше рет басқосу өтіп, соның нәтижесінде түзеу мекемесінің өндіріс аймақтарында жаңа жұмыс орындары ашылды. Бұдан бөлек, Тараз қаласының әкімдігінің жұмыспен қамту бөлімі арқылы қала аумағындағы кәсіпорындармен ЖШС өкілдері, жұмыс берушілер тарапынан сотталғандарды еңбекпен қамту мүмкіндігі артты.

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментінің ЖД-158/5 мекемесінің сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру тобының қызметкерлері темір торға тоғытылғандарды жұмысқа кеңінен орналастыру мақсатында қарқынды жұмыс істеуде. Жалпы, аталған мекеме қызметкерлері сотталғандарды мекемеге келген күннен бастап жан-жақты зерттеп, зерделеп барлық оңтайлы әдістерді, қажетті іс-шараларды қызметкерлер, психолог және дәрігерлер көмегімен еңбекке баулиды, тәрбиелік кешендік шаралар атқарады. Сонымен қатар, мекеме әкімшілігі бұл жұмыстардың орындалуын қадағалайды.

Қорыта келгенде, бүгінде мемлекет тарапынан бас бостандығынан айыру мекемелеріндегі құқықтық тәртіпті нығайтуға, сотталғандардың әлеуметтік тұрмыстық жағдайларын жақсартуға, азаматтың іс-шараларға араласуын ұлғайтуға ерекше көніл бөлініп отыр. Бұл дегеніңіз – сотталған азаматтың қоғамға толыққанды тұлға қайтару мақсатында қалыптасқан көп сатылы тәртіп үрдісінің нәтижесінде олардың өтелмеген жаза мерзімі ізгілендіріп, жеңілдетіп, шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға жағдай туғызуға зор мүмкіндік.

Қали Әлихан,

ЖД-158/5 мекемесінің әділет қатардағы

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.