Сотталған қос азамат алғаш рет құжаттарын алды | arainews.kz

Сотталған қос азамат алғаш рет құжаттарын алды

168

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЖД-158/2 мекемесінде жазасын өтеп келе жатқан қос азамат мекеме қызметкерлерінің араласуымен алғаш рет жеке куәлігін алды.

Сотталған Б. және С. емісді азаматтардың осы уақытқа дейін құжаттары болмаған. Мекеме қызметкерлерінің араласуымен олардың құжаттары жинақталып, жеке тұлғасын анықтайтын жеке куәлікпен құжаттандырылды. Нәтижесінде көші-қон қызметінің атсалысуымен жазасын өтеушілер алғаш рет жеке куәлігін алды.

Жеке куәліктің болмауы сотталғандардың бірқатар құқықтарын қиындатады. Жеке куәлігі жоқ азаматтардың тұрғылықты мекенжайына, тұрғылықты мекенжайы бойынша учаскелік инспекторларына және білім алған мектептеріне сұрау жолдаймыз. Барлық құжаттарды жинақтап, жергілікті полиция басқармасының көші-қон қызметіне жолдаймыз. Мекемеден босатылғаннан кейін алынған жеке басының куәландыру құжатымен тұрғылықты мекенжайына барып тіркеліп, жұмысқа орналасады немесе денсаулық жағдайын байланысты жергілікті емханаларға тіркеуге алынады, — дейді мекеме бастығының орынбасары, әділет подполковнигі Әміржан Дәулетқұлов.

Өз кезегінде құжат алған сотталғандар бұл істе демеу көрсеткен мекеме бастығының орынбасары, әділет подполковнигі Әміржан Дәулетқұловқа, мекеме қызметкерлері және көші-қон қызметінің өкілдеріне алғыстарын білдіріп, оны қағазға түсірді.

 

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.