Соғыс ардагерін Жеңіс мерекесімен құттықтады | arainews.kz

Соғыс ардагерін Жеңіс мерекесімен құттықтады

152

Жеңістің 77 жылдық мерекесі қарсаңында Жамбыл облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті бастығының орынбасары, әділет подполковнигі Еркін Нұрбаев, департаментке бағынысты ЖД-158/2 мекемесінің бастығы, әділет подполковнигі Ерлан Оразгелдиев пен мекеме бастығының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, әділет майоры Әміржан Дәулетқұлов ардагерді Жеңіс күнімен құттықтады. Мереке күні Мұсахан Бердібайұлының шаңырағына арнайы бас сұғып, азық-түлікке толы себеттерімен сый-сияпатын табыс етті.

Еркін Үсенұлы өзінің құттықтау сөзінде бүгінгі ұрпақтың ашық аспан аясындағы тыныш, мамыражай өмірі кешегі қиянкесті соғыста елінің келешегі үшін жаумен аянбай арпалысқан ардагерлердің ерлігінің арқасында келгенін, сол батырларымызды әрқашанда мақтан тұтып, құрметтейтіндігін айтып өтті. Өз кезегінде майдангер департамент бастығына алғыстарын білдіріп, ақ баталарын беріп, енді ешқашан соғыстың болмауын, заманымыздың тыныштығы мен елдің амандығын тілейтіндіктерін жеткізді.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.