SMS арқылы рәсімдеуге болатын қызметтер саны артты | arainews.kz

SMS арқылы рәсімдеуге болатын қызметтер саны артты

140

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы SMS-хабарлама арқылы 45 мемлекеттік қызметтің нәтижесі туралы хабарлайтын жаңа сервисті іске қосты. Енді клиенттер қызметтің нәтижесін білу үшін ХҚО-ға екінші рет бармайтын болады.

Сервис әлеуметтік төлемдер, жер қатынастары, еңбек мигранттарына рұқсат құжаттарын беру, мектепке дейінгі ұйымдар және азаматтық хал актілерін рәсімдеу желілерін қамтиды.

Тізімге енген мемлекеттік қызметтердің арасында бала тууы және оның күтімі бойынша әлеуметтік төлемдер тағайындау, баланы мектепке дейінгі мекемелерге кезекке қою, асыраушысынан айырылған жағдайдағы жәрдемақы тағайындау, еңбек мигранттары рұқсатын рәсімдеу немесе ұзарту және спорттық атақтар беру сынды мемлекеттік қызметтер бар.

«Бұрын клиент осындай қызметтер бойынша ХҚО-ға келіп, қызметті ресімдеу үшін өтінім беріп, дайын құжатты алар кезде қолхат алатын. Содан кейін ол қажетті құжатты алу үшін қайтадан келуге мәжбүр болды. Біздің жаңа сервисіміз ХҚО-ға екінші рет бару қажетін жоққа шығарады. Бұл қалай десеңіздер, клиентке сілтемесі бар SMS-хабарлама келеді, ол арқылы дайын құжатты жүктеуге және қажет болған жағдайда оны басып шығаруға болады.

Бұл жүйе клиенттердің уақытын едәуір үнемдейтіні сөзсіз», — деді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Басқарма төрағасының орынбасары Қанат Дыбыспаев.

Жаңа сервис бойынша қолжетімді мемлекеттік қызметтердің толық тізімімен Мемлекеттік корпорацияның ресми сайтында танысуға болады. #Азаматтарғаарналғанүкімет #ХҚО

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы клиентттер тарапынан жиі қойылатын сұрақтар жауабын жариялауды жалғастырады.

Күн сайын байланыс орталығының қызметкерлері 1414 желісіне келіп түскен мыңдаған өтінішке жауап береді. Айта кетейік, жылжымайтын мүлік мәселесі әліге дейін сұранысын жоғалтпады. 40 мың өтініштің 200-ден астамы жылжымайтын мүлік мәселесі, құқықты тіркеу, техникалық паспортты дайындау және қызметті алу құны бойынша топтасты. Биылғы сегіз айда Жамбыл облысында бала тууын тіркеу бойынша 9 724 және оның күтіміне жәрдемақы тағайындау бойынша 14 381 қызмет көрсетілді.

Көрсетілген сандарды салыстыратын болсақ, өткен жылы осы уақыт аралығында бала тууын тіркеу бойынша 12 944 құжат және жәрдемақы бойынша 16 609 өтінім қабылданған. Өңірдің стационарлы ХҚО-сында қызметтерді алу қажеттілігі 30 пайызға азайды, 2022 жылы онлайн өтінімдер саны 24 979 болды.

Көрсетілген қызметтер санының азаюы елдегі онлайн сервистің ілгері дамуымен тікелей байланысты. Еске саламыз, енді ХҚО-ға барып, уақыт құртпаса да болады. Еgov.kz, egov mobile, Кaspi және Нomebank қосымшалары, сондай-ақ 1414 арқылы проактивті түрде өзіңізге қажетті қызметке тапсырыс беруге болады.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы зейнетақы мен әлеуметтік қамсыздандыруға қатысты жиі қойылатын сұрақтардың жауабын жариялауды жалғастырады.

Байланыс орталығына мүгедектігі бойынша жәрдемақы рәсімдеуге байланысты сұрақтар жиі келіп түседі.

Клиенттерді АЕК және ең төменгі күнкөріс деңгейінің өзгеруіне байланысты мүгедектік бойынша жәрдемақы мөлшерінің өсімі, мүгедектік бойынша жәрдемақыдан ұстап қалу және тағы басқа сұрақтар қызықтырады.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы кең талқыға түскен әлеуметтік төлемдерді қалай рәсімдеу керегі туралы тақырыпты жалғастырады.

Қазақстандықтар әлі де бала туу бойынша жәрдемақыны қалай ресімдеуге болатынын, жәрдемақы мөлшері қандай екенін және оған қандай құжаттар қажет екенін жиі сұрастырып жатады. Осы ретте біз бұл мәселе бойынша сұрақ-жауап дайындадық.

Еске салайық, Мемлекеттік корпорацияның әлеуметтік-еңбек саласы бойынша байланыс орталығы мынадай бағыттар бойынша жауап береді: зейнетақы, әлеуметтік қамсыздандыру және әлеуметтік сақтандыру, еңбек қатынастары және халықты жұмыспен қамту, көпбалалы отбасыларға ай сайынғы жәрдемақы, атаулы әлеуметтік көмек, БЖЗҚ-дан зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алу және басқа да сұрақтар.

Азаматтарға арналған үкімет МК КЕ АҚ жамбыл облысы бойынша ХҚКО Тараз қалалық 4 бөлім басшысы Ержан Аңсар Ержанұлы

 

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.