«Skype» арқылы туыстарымен тілдесті | arainews.kz

«Skype» арқылы туыстарымен тілдесті

64

Сот үкімімен бас бостандығынан айырылған азаматтардың сыртқы әлеммен қарым-қатынасы тоқтамайды. Жазасын өтеушілердің жақын адамдарымен байланыста қалуға құқығы бар. Хат жазып, қоңырау шалуға болады. Ал қазіргі заманғы технологиялар адамдарға қашықтықта көрінуге мүмкіндік береді.

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаменті №25 мекемесінде сотталғандар азаматтар үшін олардың туыстарымен және жақындарымен «Skype» арқылы бейнекездесу ұйымдастырылды. Бейнеқоңыраулар Қазақстан Республикасының Қылмысты-аткару кодексінің 92-бабының 1-бөлігіне сәйкес туыстарының ұзақ кездесу мен қысқа кездесуге келуге мүмкіндігі жоқ азаматтар үшін мекеме бастығының рұқсатымен өткізілді. Бейнебайланыс арқылы жазасын өтеушілер жақындарын 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтап, сағыныштарын басты.

«Маған жақындарымды көруге мүмкіндік сыйлаған мекеме басшылығына алғысымды білдіремін. Олар бейнебайланыс арқылы менің денім сау екеніне көзін жеткізді. Мен де туыстарымды көріп қуанып қалдым» – дейді мекемеде жазасын өтеп жатқан азаматтың бірі.

Сонымен қатар, жақындарымен «Skype» арқылы байланысуға мүмкіндігі жоқ тағы бір жазасын өтеуші мерекелік лебізі мен ыстық сәлемін қағаз бетіне түсіріп, хат арқылы жолдады.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.