Шымкентте екі мемлекеттік қызметші төбелесті | arainews.kz

Шымкентте екі мемлекеттік қызметші төбелесті

140

Шымкентте Экономикалық тергеу департаментінің екі қызметкері жаға жыртысқан деп хабарлады turkystan.kz.

Әлеуметтік желіде тараған видеодан өзара кикілжіңнің соңы төбелеске ұласқаны байқалады.

Мемлекеттік қызметкерлер бастапқыда сөзге келіп қалған, кейіннен бір-біріне жұдырық ала жүгірген. Соның салдарынан біреуі жарақат алып, ауруханаға жеткізілген.

Қаржы мониторингі агенттігінің өкілдері бұл оқиғаның болғанын растады. Агенттіктің хабарлауынша, қызметкер мен басқарма басшысының арасында жанжал болған. Қазір осы жағдайға байланысты тергеу жұмыстары басталған. Төбелестен кейін департамент басшысы қызметінен уақытша шеттетілген.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.