Шу ауданында цифрландырылған ақпараттық орталық ашылды

Аудан көлемінде аудандық кітапханалар жүйесінде цифрландырылған ақпараттық орталық ашу жұмысы жалғасын табуда. Осыдан-ақ мемлекеттік қызмет мақсаты-ауылдық округ тұрғындарының өмірін жақсартатын зор мүмкіндіктер сыйлау екендігін байқауға болады. Осыған байланысты бүгін Балуан Шолақ ауылдық кітапханасында цифрландырылған ақпараттық орталық ашылды.
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» және «Цифрлы Қазақстан» бағдарламалары шеңберінде, облыс әкімінің тапсырмасымен 2018 жылы ауданда 4 цифрландырылған ақпараттық орталық және бір білім орталығы ашылған болатын. Бүгін орталықтар қатары тағы бір санға артып отыр,-деп атап өтті аудан әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы

Ә.Жазықбаева

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.