Шу ауданында «100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы Ғ. Нұрлановпен кездесу өтеді | arainews.kz

Шу ауданында «100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы Ғ. Нұрлановпен кездесу өтеді

217

Шу ауданында кітапханашылар мен зағиптарға, нашар көретін жандарға брайль жүйесін және компьютерге орнатылған  арнайы синтезатор арқылы компьютерлік сауаттылықты тегін үйретуші, «Қазақстанның 100 жаңа есім» жобасының жеңімпазы Ғалым Нұрлановтың тұрғындармен кездесуі өтпек.

Шу аудан әкімінің қолдауымен, «Рухани жаңғыру» жобалық офисінің ұйымдастыруымен өтетін жиын ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақалаларын ілгерілету, өскелең ұрпаққа рухани-тәрбиелік азық сыйлау мақсатын көздейді.

Жиын, сондай-ақ, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасы жеңімпаздарының жетістіктерін аудан тұрғындары мен жастарына үлгі етіп жұмыстарына шабыт сыйлауға,  жастарды өмірге шынайы қарап, өз өмірлеріне иелік ете алтындығына көз жеткізуге, елі үшін, жері үшін жастарды қандай да бір сауапты іс тындырыуға ұмтылдыруға бағытталған.

Шара барысында, бұдан бөлек, аудандық орталықтандырылған кітапханада жоба жеңімпазының қатысуымен көзі нашар көретіндер мен зағип жандарды арнайы синтезаторды дұрыс қолданып үйрену үшін тренинг өткізіледі.

Кездесу 10 шілде күні, сағат 11:00-де аудан әкімдігінің мәжіліс залында өтеді.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.