Шикізаттық емес сала үшін тікелей инвестициялар қорын құруды қарастыру керек – Елбасы | arainews.kz

Шикізаттық емес сала үшін тікелей инвестициялар қорын құруды қарастыру керек – Елбасы

151

Шикізаттық емес салада ірі жобаларды жүзеге асыру үшін шетелдік инвесторлармен тең қаржыландыру қағидатымен жұмыс істейтін тікелей инвестициялар қорын құруды қарастыру керек. Бұл туралы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында атап өтті.

«Шикізаттық емес салада ірі жобаларды жүзеге асыру үшін шетелдік инвесторлармен тең қаржыландыру қағидатымен жұмыс істейтін тікелей инвестициялар қорын құру мәселені қарастыру керек. Бұл салаға шамамен 300 млрд теңгеге тарта қаражат бөлінсін. Қаражаттың қандай көздерден алынатынын біз бірге шешеміз. Осыны қолға алсақ, тең қаржыландыру бойынша трансұлттық компанияларға қаржы құйсақ, онда олар бұл жұмысқа белсене кіріседі. Солай ғой, Асқар Ұзақбайұлы, (ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Мәмин — авт.). Бұл — соның ұсынысы. Мен оны қабылдаймын», — деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Айта кетейік, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев осы уақытта Ақордада Қазақстан халқына Жолдауын жариялауда. Стратегиялық құжат еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелеріне және қазақстандықтардың әл-ауқатын одан әрі арттыру міндеттеріне арналған.

inform.kz

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.