Президент бюджеттік шығыстардың басымдықтарын қайта қарауды жүктеді | arainews.kz

Президент бюджеттік шығыстардың басымдықтарын қайта қарауды жүктеді

133

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына арналған Жолдауын жариялау барысында «Астана» Халықаралық қаржы орталығының алаңын белсенді пайдалануды тапсырды.

«Бизнесті шетелдік инвестициялармен қамтамасыз етуде, капиталға қол жеткізуде маңызды рөлді «Астана» Халықаралық қаржы орталығы атқаруы тиіс. Біз арнайы түрде бөлек сотты, қаржылық реттеушіні, биржаны құрдық. Барлық меморгандар, ұлттық компаниялар қаржыландыру үшін АХҚО алаңын белсенді түрде пайдалануы керек. Осыған байланысты Үкімет бюджеттік шығыстардың басымдықтарын қайта қарауы тиіс. Бұл тұрғыда әлеуметтік секторға, қауіпсіздікке, инфрақұрылымға негізделуі керек», — деді Елбасы.

Осы орайда Мемлекет басшысы аталған салаларға шығыстарды бағыттау керектігін атап өтті.

Айта кетейік, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев осы уақытта Ақордада Қазақстан халқына Жолдауын жариялауда.Стратегиялық құжат еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелеріне және қазақстандықтардың әл-ауқатын одан әрі арттыру міндеттеріне арналған.

inform.kz

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.