Шетелдік инвесторлардың қатысуымен құны 1 млрд. АҚШ долларын құрайтын 13 жоба іске асырылуда | arainews.kz

Шетелдік инвесторлардың қатысуымен құны 1 млрд. АҚШ долларын құрайтын 13 жоба іске асырылуда

153

Аймақта шикізаттық емес секторға салынған инвестициялар 87 млрд. теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 13,3%-ға, яғни 75,1 млрд. теңгеге артқан. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жолдауын іске асыруға арналған облыс активімен өтіп жатқан жиында аймақ басшысы Асқар Мырзахметов мәлімдеді.

Ал, инвестициялардың ай сайын өсуінің оң үрдісі жеке меншік капиталының 30%-ға (68,8 млрд. теңгеден 92,2 млрд. теңгеге өсуі) өсуімен байланысты екен.

Сонымен қатар, қазіргі таңда облыста шетелдік инвесторлардың қатысуымен құны 1 млрд. АҚШ долларын құрайтын 13 жоба іске асырылуда.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.