Шетелдік үлесі бар компанияларға жер берілмейді | arainews.kz

Шетелдік үлесі бар компанияларға жер берілмейді

92

Бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінде облыс әкімдігі жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары Бердібек Молдабайдың қатысуымен 2018 жылдың 4 мамырында  жер қатынастарын реттеу мәселелері бойынша енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды түсіндіру мақсатында баспасөз мәслихаты өтті.

2018 жылғы 19 сәуірде Парламент Сенатында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастарын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы қаралып, мақұлданды.

Заң жобасы 2016 жылы Парламент депутаттарының, орталық уәкілетті органдардың, қоғам қайраткерлері мен азаматтық қоғам белсенділерінің қатысуымен арнайы Жер реформасы бойынша комиссияның жұмысының қорытындысы негізінде әзірленген.

Заңда ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді жеке меншікке сату және шетелдіктерге жалға беру туралы бірде-бір нормалар жоқ.

Керісінше, бұл Заң ауыл шаруашылығы жерлерін беруге енгізілген Мораторийдің шеңберін  кеңейту қарастырылып отыр, онда 1% болса да  шетелдік үлесі бар қазақстандық заңды тұлғаларға жер берілмейтін болады.

Бердібек Тілеуқабылұлы төмендегі Заңның негізгі нормаларын атап өтті:

-Жер беру тәртібінің ашықтығы мен айқындығын қамтамасыз ету және жемқорлықты болдырмау үшін конкурсқа қойылатын жерлер тізбесін бекіту, оны міндетті түрде қоғамдық кеңестермен және үкіметтік емес ұйымдармен келісу, жер комиссиясының құрамына                 50%-ы қоғамдық кеңестер мен ұйымдардың өкілдерін енгізу қарастырылған.

— Бір қолға берілетін жерлердің мөлшері маслихаттар мен әкімдіктердің бірлескен ұсынысының негізінде Үкіметпен бекітілетін болады.

— Шекаралық аумақта орналасқан жер учаскелерін шетелдіктерге, Қазақстан Республикасының шетелдіктермен некеде тұрған азаматтарға немесе құрамында шетелдіктер бар Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларына беруге тыйым салынады. Бұл аумақта орналасқан ауыл шаруашылығы жерлері тек қазақстандықтарға ғана жалға берілетін болады. 

-Елді мекендердің маңындағы жайылымдардың көбі жеке және заңды тұлғаларға беріліп кеткендігін ескеріп, әкімдіктерге ол жерлерді қайтару үшін халықтың жайылым жерлерге мұқтаждығын мемлекеттік қажеттілікке жатқызу қарастырылып отыр.

     Брифинг соңында басқарма басшысының орынбасары бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің сұрағына жауап берді.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.