Шалғай ауылдарда медпунктер есігін ашты | arainews.kz

Шалғай ауылдарда медпунктер есігін ашты

234

Еліміздің тәуелсіздігі күні облыс көлемінде ондаған әлеуметтік нысан пайдалануға берілді. Осындай қуаныштың  бірі  Талас ауданындағы Үшарал ауылына қарасты Қайыр елді мекенінде орын алды.

Аталған ауыл аудан орталығынан шалғай орналасқан елді мекендердің бірі. Шағын ауылдан қыстың қақаған аязында жол салып қатынаудың өзі оңайға түспейді. Мұндайда әсіресе, дертке ем іздеген науқастарға ауыр. Тәуелсіздік мерекесі күні тұрғындарды мазалаған бұл түйіткіл шешімін тапты. Көптің тілегі іске асып, медициналық пункті ашылды. Мемлекеттік-жеке меншік әріптестік аясында бой көтерген нысанның ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Серік Дадабаев келіп, тұрғындарды қуанышымен құттықтады.

– Бүгінгі игілікті істі ел тәуелсіздігінің жемісі деп түсінуіміз керек. Алдағы уақытта аудан орталығына бармай-ақ тұрғылықты жерден ем алу мүмкіндігі туып отыр,-деген Серік Ералыұлы медициналық пунктің жұмысына сәттілік тіледі. Сондай-ақ,  шарада сөз алған  ауыл ардагері Әмірбек Омаров тұрғындардың ризашылығын жеткізіп, мерекелік лебізін білдірді.

Медициналық пунктің құрылысын «Ақтөбе» (директоры Н.Жанбаев) жүргізгендігін айта кетейік. Шара барысында жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің директоры символикалық кілтті салтанатты жағдайда табыс етті.

Жаңа нысанның лентасын Серік Дадабаев және Әмірбек Омаров қиып, ем алуға арналған құрылғылармен танысты.

Сондай-ақ, аудандағы Арал ауылының тұрғындары да бұл күні игі медициналық пунктің ашылу салтанатының куәсі болды. 5 келушіген арналған медициналық пунктің берілу қуанышына аудан әкімінің орынбасары Серік Дадабаев арнайы келіп қатысты.

Шарада сөз алған Серік Ералыұлы жиылғандарды Тәуелсіздік мерекесімен құттықтап, пайдалануға берілген жаңа мекеменің жұмысына сәттілік тіледі.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.