Сарысу ауданында тағы бір шағын орталық ашылды | arainews.kz

Сарысу ауданында тағы бір шағын орталық ашылды

128

Сарысу ауданында «Еңлік» балалар шағын орталығы ашылды.

Елбасы 2020 жылы бүлдіршендерді мектепке дейінгі білім беру мекемесімен қамту деңгейін 100 пайызға  жеткізу қажеттігін тапсырған болатын. Қазірті таңда мемлекет пен жекеменшік әріптестік аясында көптеген балабақшалар ашылуда.  Кәсіпкерлер мемлекет жасаған мүмкіндікті пайдаланып, «Балапан» бағдарламасын жандандыруға ден қоюда.

Елбасы әрқашан жас сәбилердің болашағына айрықша қамқорлықпен қарайды. Сондықтан да, жергілікті атқарушы билік органдары алдына балаларды балабақшамен қамтамасыз ету міндеті  қойылған болатын.

Осы мақсатта ауданда да жыл сайын шағын орталықтар бой көтеріп, бүлдіршіндерге есігін айқара ашуда. Былтыр «Сайын» шағын орталығын ашуға мұрындық болған кәсіпкер Шыңғыс Әбдірахманов ҚР Конституциясы күні қарсаңында осындай тағы бір нысанның ашылуына сеп болды.

Бүркітті елді мекенінде ашылған «Еңлік» шағын орталығы 80 орынға шақталған. Елді мекен тұрғындары көптен күткен бұл балабақшада үлкен, орта, кіші топтарға арналған жеке бөлмелер, жуынатын бөлмелер, бүлдіршіндер тамақтанатын, денсаулықтарын тексеретін орындар бәрі заман талабына сай безендіріліп, жабдықталған.

Мемлекеттік-жекеменшік әртіптестік аясында салынған бұл шағын орталыққа  бірінші кезекте жас сәбилермен, ата-аналардың қуанышына айналары сөзсіз.

Жалпы, Сарысу ауданындағы 11 балабақша мен 13 шағын орталықта 2255 бала тәрбиеленуде. Қазіргі таңда балабақшаға кезекке тұру мен жолдама беру толығымен электронды форматқа ауысқан. Бүгінде Жаңатас қаласы бойынша 500-ге жуық бала кезекте тұрса, оның 3-4 жас аралығындағысы 154 бала.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.