Шахматтан және қабырға газетін салудан жарыс өтті | arainews.kz

Шахматтан және қабырға газетін салудан жарыс өтті

3 928

Жамбыл облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты ЖД-158/2 мекемесінде  шахмат турнирі өтті. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай өткен жарысқа мекемеде жазасын өтеп жатқан азаматтар қатысты.

Карантин талаптарын сақтай отырып өткізілген шахмат жарысында ой ұшқырлығы мен тапқырлығын танытқан азаматтар үздік шықты.

Шахмат жарысының жеңімпаздары марапатталып, мекеме басшылығының алғысына ұсынылды.

Сондай-ақ, егемендік тойына орай мекемеде жазасын өтеушілер мерекелік қабырға газетін салудан бақ сынады. Байқау барысында сотталғандар Тәуелсіздік тағылымын өз түсініктері бойынша қағаз бетіне түсірді. Тартысты жарыс нәтижесінде І орынды 8-жасақ, ІІ орынды 4-жасақ, ІІІ орынды 7-жасақ иеленді.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.