Сейсмикалық оқу-жаттығу жиыны өтті | arainews.kz

Сейсмикалық оқу-жаттығу жиыны өтті

120

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне бағынысты №25 мекемеде сейсмикалық жаттығу жиыны өткізіліп, өрттің алдын алу жағдайы пысықталды. Шараға мекеме бастығы, әділет подполковнигі Ерлан Оразгелдиев пен Жамбыл облысы ТЖД мемлекеттік бақылау  басқарма ының бас маманы, азаматтық қорғаныс подполковнигі Данияр Жанкулиев қатысты.

Төтенше жағдай орын алған кезде әрбір адам өмірінің және материалдық шығындарға әкеп соғатындықтан, азаматтардың қауіпсіздігін сақтау бойынша олардың дайындықта болуын талап етеді. Оқу-жаттығу барысында хабарландыру жүйесі іске қосылып, барлық қызметкерлер шұғыл түрде қауіпсіз аймаққа шығарылды. Оқу-жаттығу жоспарына сәйкес, жер сілкінісі салдарынан өрт орын алды. Аталған өртті мекеме қызметкерлері тарапынан құрылған өрт сөндіру тобы өз күшімен сөндіруге кірісіп, өрт сөндіру құралын қалай дұрыс пайдалану қажеттігін тәжірибе жүзінде көрді.

 

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.