«Сен – шіріген шовиниссің » : Досхан Жолжақсынов Кеосаянға жауап берді (ВИДЕО) | arainews.kz

«Сен – шіріген шовиниссің » : Досхан Жолжақсынов Кеосаянға жауап берді (ВИДЕО)

123

Кино және театр актерікинорежиссер Досхан Жолжақсынов елімізде Жеңіс күніне орай әскери парадтың болмауына байланысты  Қазақстанның ішкі және сыртқы саясатына араласып аузына келгенін айтқан ресейлік журналист Тигран Кеосаянға жауап берді деп хабарлады turkystan.kz.

Ол өзінің жауабын видеоға түсіріп, Кеосаянның мәлімдемесін сынға алды.

«Тигран Кеосаян сен өзіңе айнаға бір қарап көр.  Менің ойымша, сен өзіңе көп алып отырсың. Біріншіден, сен Ресей емессің. Екіншіден, сен мықты болсаң билікке өз ойыңды айтып көр. Ал менің еліме тиіспе. Мен саған халқымның мыңжылдық тарихын, адамзаттың мәдени-рухани өмірінде қалдырған ізін айтқым келмейді. Сен Капеляр емессің. Сен Джигарханян емессің. Сен – шіріген шовиниссің! Сен ұлтаралық араздықты қоздырушысың! Мен сені Донецк пен Луганскідегі майдан шебінде көргім келіп еді. Бірақ, Ресейдің өзі сен сияқты жағымпаздарға мұқтаж емес. Егер сен тағы да осындай Комеди клабта үніңді шығаратын болсаң, Симоньянмен ақылдасып көр. Ол сенен гөрі ақылдырақ.

Ұлы Попазян: «Егер адам ырылдап, ақылынан адасса ол псих немесе жынды», -деген болатын. Сондықтан сен олай ырылдама. Әйтпесе, кіндігіңнен жоғары тұра алмайсың», – деді Досхан Жолжақсынов.

Қазір ел ішінде қазақтың қоғам қайраткерінің бұл мәлімдемесін қолдап, желіде пікір қалдырып жатқандар көбейіп жатыр.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.