Сарысулық спорт саңлақтары 286 медальға қол жеткізді | arainews.kz

Сарысулық спорт саңлақтары 286 медальға қол жеткізді

122

Бұл туралы аудан әкімі Марат Сұлтанғалиев бүгінгі қорытынды есеп беру жиынында айтты.

— Өткен жылы халықаралық додадан — 2 алтын, 1 күміс, 2 қолаға қол жеткізсек, республикалық бәсекеден — 29 алтын, 15 күміс, 18 қоланы еншіледік. Ал облыстық жарыстардан — 51 алтын, 75 күміс, 93 қола бұйырды. Жыл қорытындысы бойынша, үздік 23 спортшы аудан әкімінің қолдауымен қаржылай сыйлықтармен марапатталды. Ал ағымдағы жыл басынан бері ауданның спорт қоржыны 43 медальмен толықты, — деді Марат Қырғызәліұлы өз есебінде.

Жалпы ауданда 212 спорттық нысаны бар. Атап айтқанда, 2- спорт кешені, 1-стадион, 132-спорт алаңшасы, 34-футбол алаңы, 30 — спорт залы, 13-орнатылған зал. Ал алдағы уақытта бұл тізімнің қатары үлкен ғимаратпен толықпақ.

Айта кетейік, ағымдағы жылы аудан орталығында Жастар спорт кешенінің құрылысы басталады.

Сарысу ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.