Сарбаз болғым келеді! | arainews.kz

Сарбаз болғым келеді!

28

Шекараны күзету – елдің тұтастығын, халықтың амандығын, бала болашағының жарқын болуының кепілі. Шекарашы сарбаздар күні-түні көз ілместен, кірпік қақпастан шекараны күзетіп, үлкен жауапкершілікті арқалайды. Жаңбырлы, боранды күндері де біздің айбынды азаматтар қызметте болып, отанға деген адалдығын бір сәт ұмытпайды.Осы орайда, облыстық «Жастар Рухы» жастар қанаты мен ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Жамбыл облысы бойынша Шекара департаменті бірлесе «QAISAR» әскери-патриоттық жобасы аясында «Сарбаз болғым келеді» акциясын ұйымдастырды.
Жобаның негізгі мақсаты жастардың бойында отанға деген сүйіспеншілікті арттыру, әскери-патриоттық рух қалыптастыру, азаматтарымыздың отан алдындағы борышын өтеуге шақыру, салауатты өмір салтын насихаттау, шекара қызметінің айбынын асқақтату.
Осыған орай, Жамбыл облысында ағымдағы жылдың 5 қазан күні рухтастармен бірге «Шөлдала» шекара бекетіне арнайы барып қайттық.
Студенттер бір күн бойы әскери бөлімнің аумағында болып, әскери өмірмен танысты. Сондай-ақ белсенділер үшін көрнекі қойылымдар мен экскурсиялар ұйымдастырылды. Рухтастар курсанттардың тұрмыс тіршілігімен танысып, шекара маңындағы күдіктіні ұстау қойылымын тамашалады.
Шара соңында рухтастар арнайы дайындаған ән шашуын орындап, керемет көңіл күй сыйлады.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.