«Сапсан» жедел тобы браконьерлермен күресті күшейтуде | arainews.kz

«Сапсан» жедел тобы браконьерлермен күресті күшейтуде

198

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа арнаған тұңғыш Жолдауында браконьерлермен күреске басымдық бергені белгілі. Осыған орай Жамбыл облысында «Сапсан» жедел тобы құрылып, заңсыз аң аулаушылармен күресті күшейткен. Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте облыс әкімі Асқар Мырзахметов Табиғат ананың төл тумаларын қорғау мәселесін де назардан тыс қалдырған жоқ.

— Үстіміздегі жылы жергілікті маңыздағы   2 мемлекеттік табиғи қаумал құрылды («Қордай-Жайсан»  (370 мың га), «Жуалы-Қарашат» (148 мың га)). «Меркі» мемлекеттік өңірлік паркін (115 мың га), «Сұлутөр-Ботамойнақ» ерекше қорғалатын табиғи аумағын  (129 мың га) құру жұмыстары жүргізілуде.

Браконьерлермен күресті күшейту үшін арнайы «Сапсан» жедел тобы құрылды.

Облыстық арнайы декларация қабылданып, оған облыс әкімінен бастап, басшылық қызметтегі мемлекеттік қызметкерлер толық қол  қойды.  Жалпы 7212 адам.

Табиғат қорғау заңдарының талаптарын бұзғандары үшін 4 млн. теңгеге жуық  айыппұл салынып, өндірілді.

2018 жылы 39 орман өрті тіркеліп, 146 мың гектар  (дала) өртке шалынды. Мәселені шешуге 2 жылда облыстық бюджеттен 515 млн.теңгеге 50 өрт сөндіру техникасы   (28 трактор, 22 автокөлік, 10 цистерна, 27 радиостанция) сатып алынды. 1-үлгідегі 33 өрт сөндіру станциясының (132 штаттық бірлік, 102 млн.тг) құрылуының нәтижесінде өрт оқиғасы 24-ке (106 мың га) қысқарды, — деді облыс әкімі.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.