Румыния парламентінде Елбасы Жолдауы талқыланды | arainews.kz

Румыния парламентінде Елбасы Жолдауы талқыланды

383

Қазақстанның Румыниядағы Елшісі Дәулет Батырашев румын Парламентінде депутаттармен және «Қазақстан достары клубының» мүшелерімен кездесті. Оның барысында Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауының негізгі бағыттары талқыланды.

Елші аталмыш Жолдауда айтылған Қазақстанның алдағы әлеуметтік-экономикалық дамуының ауқымды бағдарламасымен таныстырып, қаңтар айындағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдаудың жүзеге асырылу барысын баяндады.

Кездесуге  қатысушылар Елбасының Жолдауында көрсетілген мақсаттар мен басымдықтарға жоғары баға берді.

Парламенттің Депутаттар палатасының төраға орынбасары, «Румыния-Қазақстан» парламентаралық достық тобының тең төрағасы Флорин Иордаке Жолдау бірізді және ұзақмерзімді дамуды көздейтінін атап өтті. Сондай-ақ Қазақстан әлемнің 30 дамыған елінің қатарына енуді көздейтін ауқымды және нақты қадамдардың векторын белгілейтінін мәлемдеді.

Румыния Парламентінің Адам құқықтары, діндер және азшылық ұлттар жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары Тамара Чофу медицина, тиісті технологиялар мен инфрақұрылым (онкологияны қосқанда), сондай-ақ ғылым мен білімді дамыту бойынша Президенттің бастамаларын айрықша атап кетті.

Жерорта теңізі Парламенттік ассамблеясының Елшісі Флорин Уркан, инвестицияларды тарту, экспортты ұлғайту және жұмыс орындарын құру бойынша шараларға ерекше назар аударатын Жолдау заманауи, бәсекеге қабілетті Қазақстанды құруға негіз болатынын ерекше атап өтті. Ол сондай-ақ Еуропа елдерімен стратегиялық серіктес қарым-қатынастардың дамуын көздейтін Қазақстанның сындарлы сыртқы саясатын жоғары бағалады.

«Энергобит» энергетикалық компанияның басқарма төрағасы, Қазақстанның Клуж-Напока қаласындағы Құрметті консулы Штефан Гадола, барлық тапсырмалар 30 дамыған елдің қатарына кіру бойынша стратегиялық мақсатқа жетуге бағытталғаны Жолдаудың түйінді ерекшелігі екеніне назар аудартты. Оған қоса, елдің азаматтарына және олардың әл-ауқатына бағдарлану, инфрақұрылым және инновация, мемлекеттік басқару мен әділет салаларының дамуы Қазақстан үшін болашақтың сын-тегеуріндеріне төтеп беру жолдарын уақтылы және тиімді шешуіне мүмкіндік беретінін айтты.

«Браду, Нягу және серіктестер» заң компаниясының Басқарушы серіктесі Роман Браду білімге, ғылымға және денсаулық сақтауға шығыстар бөлігін ЖІӨ-ден 10% дейін өсіруге екпін қою дұрыс екенін баса айтып, бұл Қазақстанның ғаламдық бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін экономикалық өсудің жаңа моделін қалыптастыруға мүмкіндік беретініне көңіл аударды.

«Қазақстан достары клубының» мүшелерімен кездесу барысында Қазақстан мен Румыния арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелері қозғалып, Президенттің Жолдауында айтылған тапсырмалар төңірегінде парламентаралық өзара әрекеттестікті дамытудың алдағы перспективалары талқыланды.

inform.kz

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.