Республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Жамбыл облыстық филиалы қатысты | arainews.kz

Республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Жамбыл облыстық филиалы қатысты

23

Республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ Жамбыл облыстық филиалына қарасты «ҚАЖсервис» ЖШС Жамбыл облыстық филиалы Жуалы ауданында республикалық маңызы бар автомобиль жолының 564-565 шақырымында тазалық жұмыстарын жүргізді.
Мекеме тарапынан аталған акцияға 20 адам және 4 бірлік арнайы жол техникалары қатысты. Оның ішінде, жол бойын күл-қоқыстан тазалау, эстакадаларды және аялдамаларды сырлау, дәретханаларды ақтау, жол бойын және демалыс алаңын арнай техникамен сыпыру жұмыстары жүргізілді.
Жалпы «ҚАЖсервис» ЖШС ЖОФ-мен республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын күтіп ұстау бойынша жұмыстар күнделікті негізде атқарылады.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.