Психологиялық тренинг өткізді | arainews.kz

Психологиялық тренинг өткізді

204

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЖД 158/5 мекемесінде сотталған азаматтармен «Мен өмірді сүйемін» тақырыбында психологиялық тренинг өткізілді. Өмірде кездесетін қиыншылықтармен күресе біліп, керекті сәтте дұрыс таңдау жасауды, адами құндылықтарды дәріптеп, оны ұстана білуді мақсат тұтқан аталмыш шараны мекеме психологы М.Т.Битуриева жүргізді.
Шара барысында жазасын өтеушілермен адами капитал, отбасы берекесі, қоғам бірлігі сынды аясы ауқымды тақырыптарда әңгіме өрбіп, тыңдалған баяндамалардан туындаған пікірлер мен ұсыныстар талқыланды. Аталмыш шара сотталған азаматтарды моральдық мықтылыққа, рухани кемелденуге шақырып, олардың түрлі құндылықтар жайлы ой көкжиегін кеңейтетіні сөзсіз.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.