Құрылыс нысандары партия бақылауында болады | arainews.kz

Құрылыс нысандары партия бақылауында болады

141

Тараз қалалық  «Nur Otan» партиясы жанындағы «Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық инфрақұрылымын, сумен және жылумен жабдықтау желілерін жаңғырту, тұрғын үй инфрақұрылымын нығайту жөніндегі комиссия» мүшелері облыс орталығында құрылысы жүріп жатқан нысандарда болып, жұмыс барысын бақылап қайтты, – деп хабарлайды «Arainews» ақпарат агенттігі.

Естеріңізге сала кетйік, Тараз қаласында жылу құбырларына жөндеу жүріп жатыр. «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында  басталған құрылыс жұмыстары қазан айында толығымен аяқталса, 15-ші шағын мөлтек ауданында 10 көпқабатты тұрғын үй тамыз айында қолданысқа берілмек. Жұмыстардың аяқ алысын бағамдап қайтқан комиссия мүшелері бірқатар проблемаларды анықтап, алдағы уақытта шешу жолдары қарастырылатынын жеткізді.

Жалпы Тараз қаласы жылу құбырларының ұзындығы 190 шақырымды құрайды. Қазіргі таңда соның 9,3 шақырымында ескірген құбырларды қайта жаңалау жұмыстары жүргізілуде. Комиссия мүшелері алдымен жылу құбырларының жұмысын бақылап, бірқатар мәселелерге тоқталды.

Мәселен, Қазыбек би көшесіндегі жөндеу жұмыстарының тоқтап қалғанына 1 апта болыпты. Өйткені «Жамбыл жарық сауда» мекемесіне тиесілі жоғары вольтті электр сымдары кедергі келтіруде. Мердігер компания өкілдері тиісті мекемеге хат жазылғанын, қазіргі уақытта хаттың жауабын күтіп отырғанын айтады.

Мұнан өзге, комиссия мүшелері 15 шағын мөлтек ауданында құрылысы жүріп жатқан көп қабатты үйлердің жұмысымен танысты. Өткен жылы бұл ауданнан 9 үй берілсе, биылғы жылға, 10 көпқабатты тұрғынүй қолданысқа берілмек.

Бұл жұмыстар аяқталғанша партия жанындағы комиссияның назарында болмақ.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.