Президент сайлауы: Жамбылда Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдайтын штаб ашылды | arainews.kz

Президент сайлауы: Жамбылда Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдайтын штаб ашылды

93

Аймақта ҚР Президенті сайлауына үміткер Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау жөніндегі штаб өз жұмысын бастады. Ал оның төрағасы болып Тараз қалалық мәслихаттың хатшысы Батырбек Құлекеев тағайындалды. Өңірлік штабтың алғашқы отырысында Батырбек Әсілұлы облыстық қоғамдық штаб мүшелері 70 адамнан құралғанын айтып өтті.
Облыстық қоғамдық штабтың құрамында 70, қалалық штабта 50 адам бар. Бұдан бөлек, аймақта 10 ауданда да қоғамдық штабтар бар. Жалпы, бұл сайлаудың ерекшелігі – дабыра-дүбірді қажет етпейді. Бұрынғыдай ел-жұртты алдын ала жинап алып, үгіт-насихат жұмыстары жүргізілмейді. Сондықтан, осынау саяси науқан барысында сауатты іс-қимылға көшкен жөн, — деді Б.Құлекеев.
Бұдан кейін, «AMANAT» партиясы облыстық филиалының атқарушы хатшысы Дауыл Бейсенқұлов сөз алды. Дауыл Ынтықбайұлы өз сөзінде үгіт-насихат жұмыстары 3 кезеңнен тұратынын әрі бұл жұмыстары заң аясында онлайн және офлайн форматта да жүргізілетінін жеткізіп, бірқатар азаматтарға ҚР Президенті сайлауы кандидатының сенімді өкілдеріне арнайы куәліктерді табыс етті.
Айта кетейік, бүгінгі таңда облыста ҚР Президенті сайлауына үміткер Қасым-Жомарт Тоқаевтың сенімді 1500-ге жуық өкілі бар.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.