Полицейлер Абай өлеңдерін оқудан сынға түсті | arainews.kz

Полицейлер Абай өлеңдерін оқудан сынға түсті

166

Жамбыл облысының Полиция департаменті Жамбыл облысының «Рухани жаңғыру» жобалық офисімен бірлесе ұйымдастыруымен Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерей тойына арналған «Өлең — сөздің патшасы, сөз сарасы» атты байқау ұйымдастырылды.

Іс- шараның басты мақсаты — Ақын Абай Құнанбаевтың 175 жылдығын атап өту, шығармашылығын, асыл мұраларын насихаттау, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласының негізгі қағидаларын орындау. Елімізде жарияланған Жастар жылы аясында дана Абайдың тағылымын жастардың санасына сіңіру, ұлы тұлғаның ой-толғамдарын кеңінен дәріптеу. Байқауға Жамбыл облысы Полиция департаментінің полицейлері сыңға түсті. Барлығы 18 қатысушы.

Алғашқы сөз кезегі — Жамбыл облысы ПД бастығының орынбасары полиция полковнигі Ералин Бақытжан Ерболатұлына берілді. Ол өз кезегінде барлық қатысушыларға сәттілік тілеп, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен Абайдың 175 жылдығын тойлау туралы заңға қол қойылып, халқымыз — ел болып, Ұлы Абайдың рухына тағзым етіп, айтулы эстафетаны мемлекеттік деңгейде жер-жерлерде өткізіп жатқанда, біз де өз үлесімізді қосқанды жөн көрдік»- деп атап өтті.

Қазылар алқасы құрамында: Жамбыл облысы Ішкі саясат басқарма басшысының орынбасары Б.Бегалиев, Жамбыл облысы ІІО Ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары А. Арқабаев, Жамбыл облысының «Рухани жаңғыру» жобалық офисі басшысының орынбасары Б.Қадырбек, Шоқан Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының директоры Э.Абдинова болды.

Қатысушылар көрермендерді Абай атамыздың қара сөздерін жатқа оқып тәнті етсе, ал бірі әндерін шырқап көрермендер көзайымына айналды.

Байқау соңында әділқазы алқасы шешім шығару оңайға түспегенін айтып өтті. Сөз алған Жамбыл облысы «Рухани жаңғыру» жобалық офисі басшысының орынбасары Қадырбек Бекжан басшылық атынан барлық қатысушыларға алғыс хат пен арнайы сыйлықтар табыс етті.

Тартысты өткен байқауда жүлделі 3-ші орынды Шу АПБ учаскелік полиция инспекторы Бауыржан Төлеубай иеленіп, 2-ші орын ПД Жедел криминалистикалық басқармасының аға криминалисі Ақбота Махамбетоваға бүйырса, үздік болып — Сарысу АПБ учаскелік полиция инспекторы Руслан Мусаев танылды.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.