Партияның Сайлауалды бағдарламасы аясында облыста атқарылып жатқан жұмыстардың есебі тыңдалды | arainews.kz

Партияның Сайлауалды бағдарламасы аясында облыста атқарылып жатқан жұмыстардың есебі тыңдалды

65

Бүгін «AMANAT» партиясының Жамбыл облыстық мәслихатындағы депутаттық фракциясы отырысының кезекті кеңейтілген отырысы өтті. Басқосуымызға облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұржан Календеров пен облыстық мәслихаттың төрағасы Абдалы Нұралиев қатысты.

Жиында алғаш болып сөз тізгіндеген партия облыстық филиалының төрағасы, фракция жетекшісі Дауыл Бейсенқұлов фракция мүшелерінің басты мақсаты – өңірдің өркендеуіне, партияның алдағы 2027 жылға дейінгі Сайлауалды бағдарламасы және сайлау науқанында халықтан түскен аманаттардың орындалуына барынша ықпал етуі болып табылатынын жеткізді.

Мұнан кейін облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұржан Календеров Жамбыл облысының әкімдігі «AMANAT» партиясының «ХАЛЫҚПЕН БІРГЕ!» Сайлауалды бағдарламасының Жол картасын іске асыру бойынша жұмысты жалғастырып келе жатқанын тілге тиек етіп, орындалу барысын баяндады. Оның сөзінше, бағдарламада «Ауыл аманаты» жобасы аясында 2023 жылдан бастап 22 ауылдық округ енгізіліп, 2,5 пайыз бойынша 11,5 млрд теңге көлемінде 3 мыңнан астам жоба қаржыландырылу көзделген болатын. Дегенмен биыл 18,9 млрд теңгеге 3,2 мыңнан астам жоба қаржыландырылыпты.

Сонымен қатар, аймақ басшысының орынбасары партияның Сайлауалды бағдарламасы аясында облыста білім, денсаулық, мәдениет және ауыл шаруашылығы бойынша атқарылып жатқан ілкімді істердің барысына тоқталды.

Есепті баяндамадан кейін фракция мүшелері шешімін табуы қажет бірқатар өзекті мәселелері көтерді. Атап айтқанда, білім нысандарындағы жөндеу жұмыстарына арзан материал қолданатындығын қатаң сынға салды. Сондай-ақ, ауыл-аймақты көгілдір отынмен қамту жұмыстарын сапалы жүргізу назарға алынды.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.