Пара алған қостанайлық прокурор 2 айға қамалды | arainews.kz

Пара алған қостанайлық прокурор 2 айға қамалды

131

Пара алды деген күдікпен ұсталған Қостанай облысы Таран ауданының прокуроры Мейірхан Шалабаев 2 айға қамауға алынды.

19 қазан күні Таран ауданының прокуроры Мейірхан Шалабаев жергілікті кәсіпкерге «қамқорлық» көрсету үшін 750 мың теңге пара алып жатқан кезінде қолға түскен болатын.

Қостанай облысы сотында хабарлағандай, енді Мейірхан Шалабаевқа қатысты санкция бойынша ол 2 ай мерзім қамауда отырады. Экс-прокурордың ісі ҚР ҚК  366-бабы («Ірі көлемде пара алу») бойынша қаралады.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

inform.kz

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.