Өз қызметін асыра пайдаланбау жөнінде ескертілді | arainews.kz

Өз қызметін асыра пайдаланбау жөнінде ескертілді

160

Бүгін Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД №25, №58 мекемелерінде адам құқықтары жөнінде уәкіл Берікбол Байхожаев және облыс бойынша ұлттық алдын алу тетігінің өкілі Гусейнали Насировтың қатысуымен азаптауға қарсы іс-қимыл және ар-намыс пен қадір-қасиетті қорлау бойынша облыс прокуратурасы мен ҚАЖД-нің облыс бойынша бірлескен кеңесі өткізілді. Сапар барысында адам құқықтары жөнінде уәкіл Б.Байхожаев, облыстық прокуратура 5-ші басқармасының бастығы Ө.Арынтаев, облыс бойынша ұлттық алдын алу тетігінің өкілі Г.Насиров азаптауға қарсы конвенцияны сақтау туралы нұсқау берді, сонымен бірге ҚАЖД орынбасары К.Жарылғапов барлық жеке құрамның назарына ҚАЖК төрағасының нұсқауын жеткізді. Сонымен қатар аталған тұлғалар сотталғандарды жеке қабылдап, мекемелерді аралап шықты.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.