Ойық ауылында саябақ, баскетбол, волейбол және street workout алаңшасы пайдалануға берілді | arainews.kz

Ойық ауылында саябақ, баскетбол, волейбол және street workout алаңшасы пайдалануға берілді

32

Талас ауданы, Ойық ауылында «Samruk-KazynaTrust» әлеуметтік жобаларды қолдау қоры және «Qazaqgaz» өндіру және барлау ЖШС демеушілігімен орталық саябақ қайта жаңғыртылып, баскетбол, волейбол және street workout алаңшасы жаңадан салынып, халық игілігіне берілді.

Мұнда тұрғындар серуендеп, спорт түрлерімен шұғылда наалады. Сондай-ақ алаңда воркаут аймағы, баскетбол, волейбол алаңы және жайлы орындықтар орналасқан тыныш аймақ та қарастырылған.

Аталған аумақ ауыл тұрғындарының басын қосатын, бос уақытын тиімді өткізуге мүмкіндік беретін орталыққа айналары сөзсіз.

 

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.