Өткен жылда атқарылған жұмыстар сараланды | arainews.kz

Өткен жылда атқарылған жұмыстар сараланды

7 847

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Р.Төлебаевтың қатысуымен брифинг өтті. Онда департаменттің алдын алу бағытындағы 2020 жылы атқарған жұмысы сараланды.
Жиында әр салаға жіті назар аударылып, жауапты тұлғалар тізбектеп берді. Сандарға назар аударсақ, мониторинг қорытындысымен Жастар ресурстық орталықтарына жүргізілген мониторингпен 1 млн. тг. жуық заңсыз төленген айлық пен іс-сапар шығындары бюджетке кері қайтарылды.
Ал, Жер қатынастары саласына жүргізілген мониторинг қорытындысымен, ұзақ мерзімде пайдаланылмай жүрген Тараз қаласындағы коммерциялық мақсаттағы 3 жер учаскелері мемлекеттік меншікке қайтарылды.
Ұсыныстар негізінде өз фукционалдық міндеттемелерін дұрыс орындамаған 8 қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылған.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.