Отбасы құндылықтары түсіндірілді | arainews.kz

Отбасы құндылықтары түсіндірілді

80

Елімізде қыркүйек айының екінші жексенбісі «Отбасы күні» атап өтіледі. Осы орайда, бүгін Жамбыл политехникалық жоғарғы колледжінің студенттерімен кездесу ұйымдастырылды.

Шараға партия облыстық филиалы атқарушы хатшысының орынбасары Ермұхаммед Жұмабек, М.Х.Дулати атындағы Тараз ӨУ «Мәдениет және өнер» кафедрасының меңгерушісі Айгүл Қабиева, «Мерейлі отбасы – 2022» жобасының қатысушысы Алдаберді Махашев, Мәдениет саласының үздігі, әнші-сазгер, «Үкілі сазгерлер» байқауының лауреаты Сәрсенбек Бәкір, «Сенімен болашақ» республикалық қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облыстық филилиалының төрағасы Дәурен Бағжанов, Жамбыл облысы ПД ЖПҚ басқармасы әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобының аға инспекторы, полиция подполковнигі Диляфруз Кинжеханова қатысты.

Кездесу қонақтары жастарға отбасындағы әр адамның мәртебесі, шаңырақ шаттығы саналатын бала тәрбиесі турасында ойларымен бөлісті. Сондай-ақ, олар студенттерді отбасы мерекесімен құттықтап, мықты, берік, тату отбасы басқаларға үлгі болатынын тілге тиек етті. Отбасы қашанда әртүрлі ұрпақ арасындағы байланыстырушы буын, рухани және мәдени дәстүрдің сақтаушысы екенін деп атап өтті.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.