Өңдеу өнеркәсібінде өсім бар

Кейінгі жылдары Тараз қаласы адам танымастай өзгеріп келеді. Шаһардың сәулетімен қатар дәулеті де арта түсуде. Мысалы, 2019 жылдың қаңтар-тамыз айларында қала кәсіпорындары 183 миллиард 998,4 миллион теңгенің өнімдерін өндіріп, физикалық индекс көлемі 104,6 пайызды құрады. Өткен жылмен салыстырғанда 29 миллиард 929,9 миллион теңгеге артық өнім өндірілген. Халықтың жан басына шаққандағы өнеркәсіп өндірісінің көлемі 514,1 мың теңге болып қалыптасты.

Өнеркәсіп құрылымының барлық салалары бойынша да көрсеткіштер көңіл көншітерліктей. Мысалы, өңдеу өнеркәсібінде 149 миллиард 830,8 миллион теңгеге өнім өндіріліп, нақты көлем индексі 107,9 пайызды құраған.

Ал кен өндіру және карьерлерді қазу өнеркәсібінде 422,8 миллион теңге ні құрады. Сонымен қатар электрмен жабдықтау, газ беру саласында 31 миллиард 832,4 миллион теңге немесе нақты көлем индексі 101,5 пайыз көлемінде қалыптасып отыр.

Сол сияқты сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылау саласында 1 миллиард 912,3 миллион теңгені немесе нақты көлем индексі 115,6 пайызды құрады.

Химия саласы қаладағы жалпы өнеркәсіп өндірісінің негізін құраушы болып табылады. Бұл саладағы «Казфосфат» ЖШС-нің Жаңажамбыл фосфор және минералды тыңайтқыштар зауыттарын қоса алғанда, жалпы 94 миллиард 931,8 миллион теңгенің өнімдерін өндірген. Бұл көрсеткіш 2018 жылы 70 774,6 миллион теңге болған еді. Яғни, өткен жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 24 миллиард 157,2 миллион теңгеге артық өнім өндіріп отыр. Жалпы өнеркәсіптегі шығарылған өніміндегі олардың үлес салмағы 51,6 пайызды құрады.

Есепті кезеңде өнім көлемінің нақтылай көрсеткіші бойынша 1 миллион 3,1 мың тоннаға өнім өндіріліп, өткен жылмен салыстырғанда 196 мың тоннаға артып отыр. Оның ішінде, негізгі өнімдерін атап өтетін болсақ: майда таратылған фосфор 41,3 мың тоннаға, сары фосфор 7,9 мың тоннаға, аммофос 50,8 мың тоннаға артса, натрий триполифосфаты 2,9 мың тоннаға, фосфор қышқылы 3,3 мың тоннаға және азық трикальций фосфаты 6,5 мың тоннаға кеміген. Фосфос калий тыңайтқышы өткен жылдың деңгейінде сақталған. Ал, күкірт қышқылын 2018 жылы өндірмесе ағымдағы жылдың есепті кезеңінде 108,7 мың тонна өндірген.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.