Оқушылар ежелгі қала орнында болды | arainews.kz

Оқушылар ежелгі қала орнында болды

606

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Туған жер» арнайы жобасы аясында Жамбыл ауданы Бектөбе ауылы, Бектөбе  қалашығында «Өз өлкенді тани біл» атты саяхат сағаты өткізілді.

Жастарды ауыл тарихымен, ауылдық тарихи  мұражайында орналасқан  жәдігерлерімен таныстыру арқылы тарихи құндылықтарымызды насихаттап, рухани дамыту мақсатында өткізілген саяхат сағатына ауыл мектебінің оқушылар қатыстырылды. Саяхат сабағы барысында мектеп оқушылары ежелгі қалашықтың тарихымен танысты.

Бектөбе  қалашығы 7 – 12 ғасырлардағы қаланың орны. Тараз қаласынан батысқа қарай 15 — 16 км жерде, Аса өзенінің жағалауында. 1938 ж. А.Н. Бернштам басқарған Жамбыл археологиялық экспедициясы зерттеген. Бектөбенің орны бірінің үстіне бірі орналасқан екі сатылы қабаттан тұрады. Жоғарғы, негізгі бөлігінің пішімі трапеция тәріздес. Биіктігі 6 м, солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай 120 м, солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 30 м. Сыртқы дуалдарының төрт бұрышында күзет мұнараларының орындары сақталған. Төменгі жағындағы алаңша тәріздес екінші бөліктің аумағы 45-40 м, биікт. 2,5 м. Көптеген зерттеушілердің  пікірі бойынша, Бектөбе — ортағасырлық Жувикат қаласының орны екендігі туралы мектеп оқушыларына түсіндіріліп, көрсетіліп өтілді.

Пікір білдіріңіз

Your email address will not be published.